19:13, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
АҚШ ҰҚА қытайлық «Huawei» компаниясына тыңшылық жасаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық телекоммуникациялық «Huawei» компаниясына қатысты америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) тыңшылық жүргізуі тұрғысында ҚХР АҚШ-тан түсініктеме талап етті.
«New York Times» газетінің хабарлауынша, ҰҚА Шэньчжэнь қаласындағы штаб-пәтерінде компанияның серверлерін бұзған көрінеді. Басылым мәліметінше, АҚШ-қа қарсы Қытай әскері компанияның көмегімен кибертыңшылық жүргізіп отырғандығына күдіктеген ҰҚА бұл операцияны ұйымдастырған екен.
Газеттің бұл деректері Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің жариялаған құжаттарына негізделген. Бұдан бұрын «Huawei» компаниясы өзінің компьютерлік желілеріне қатер тудыратын кез келген іс-қимылды сынға алатынын мәлімдеді, деп жазады ВВС.