АҚШ Үкіметі жанындағы Халықаралық даму жөніндегі агенттікке құрамы белгісіз күмәнді конверт келіп түсті - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Кеше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан АҚШ Үкіметі жанындағы Халықаралық даму жөніндегі  агенттікке күмәнді конверттің келіп түскені хабарланды.

АҚШ Үкіметі жанындағы Халықаралық даму жөніндегі  агенттікке құрамы белгісіз күмәнді конверт келіп түсті - ТЖМ

Таратылған мәліметке сәйкес Агенттіктің қызметкерлері кері мекен-жайы көрсетілмеген және құрамы белгісіз конвертті 13 сағат 30 минутта келіп түскен хаттарды сұрыптау барысында тапқан.

 Конверт арнайы контейнерге орналастырылып, Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына сараптамаға жіберілді.