АҚШ ядролық арсеналы туралы мәліметтерді жария етті
Ел үкіметі ядролық қару-жарақтың қоры туралы деректерді баспасөз үшін алғаш рет жария етіп отыр - бұл мәлімет бұған дейін аса құпия дерек болып келген, деп хабарлады РБК агенттігі.
Агенттіктің Пентагондағы анонимді дерек көзінің мәліметі бойынша, 1989 жылмен салыстырғанда АҚШ-тың ядролық қоры 75 пайызға қысқарған.
Қорғаныс министрлігінің бұл дерегі, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның Вашингтонның ядролық қару-жарақтың қоры туралы деректерді және 1991 жылдан бері ел өкіметінің қанша ядролық оқтұмсықты жойғаны жайлы мәліметті жария ету туралы шешім қабылдағаны туралы мәлімдемесінен кейін жарияланып отыр.
«Бұл, қарусыздану туралы келісімнің шарттарын АҚШ-тың орындап жатқанына күмән келтіргендерге берілген жауап», - деп мәлім етті мемлекеттік департаменттің басшысы БҰҰ резиденциясында өткен Ядролық қару-жарақты таратпау туралы келісімшартқа қатысушылардың конференциясының барысында.
АҚШ-тың ядролық арсеналы туралы мәліметтер 1961 жылдан бері алғаш рет жария етіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айда, сәуірдің 8-інде Ресей мен АҚШ президенттері стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы жаңа келісімшартқа отырған болатын. Ол құжатқа сәйкес, АҚШ пен Ресей ядролық оқтұмсықтардың жалпы санын 1550 бірлікке дейін жеткізеді, ал тасымалдаушы зымырандардың саны 800-ден аспайтын болды.