20:07, 07 Наурыз 2024 | GMT +5
АҚШ Йемендегі хуситтердің екі дронына соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Америка Құрама Штаттары Йеменнің хуситтер бақылауындағы территориясында екі дронға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары аймақтағы сауда және АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемелеріне тікелей қауіп төндіреді, дейді қолбасшылық. Шабуыл кеше, 6 наурыз күні кешкі уақытта ұйымдастырылған.
– Бұл әрекеттер навигация бостандығын қорғау және АҚШ Әскери-теңіз күштері мен сауда кемелері үшін халықаралық сулардың қауіпсіздігін арттыру үшін қабылданды, – делінген қолбасшылық мәлімдемесінде.