Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ жаңа визалық шектеулер енгізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ киберқылмыс, онлайн алаяқтық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстармен күресу үшін визалық шектеулердің жаңа жаһандық саясаты туралы жариялады, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаменті. 

США вводят новые визовые ограничения
Фото: Gazeta.uz

Саясат кибершабуылдар, онлайн алаяқтық, сексуалдық бопсалау және америкалық азаматтарға зиян келтіретін басқа да қылмыстық схемаларға қатысатын тұлғаларға қарсы бағытталған.

Шектеулер АҚШ-тың Иммиграция және азаматтық туралы заңының 212(a) (3)© бөліміне сәйкес қолданылады. Жекелеген жағдайларда визалық шектеулер осындай заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың отбасы мүшелеріне де әсер етуі мүмкін.

АҚШ әкімшілігі қылмыстық желілерді жою үшін санкциялар, қылмыстық істер, активтерге тыйым салу, экстрадициялау және құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығы сияқты қосымша құралдарды қолданатынын мәлімдеді.

Саясаттың негізгі мақсаты — киберқылмыс пен алаяқтықтан пайда табатын тұлғалардың АҚШ-қа кіруін шектеу, сондай-ақ халықаралық қылмыстық ұйымдарға қысымды күшейту.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Қытайдың трансұлттық қылмыстық ұйымдарының тапсырысы бойынша жиі әрекет етіп жүрген алаяқтар тек 2024 жылы АҚШ азаматтарын кем дегенде 10 млрд долларға алдап, осылайша сыбайлас жемқорлық, ақшаны жылыстату және адам саудасына ықпал еткен.

Осыған дейін Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы визалық рәсімдерді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөздер аяқталғанын жаздық.