АҚШ және басқа да елдердің экономикасы биылғы жылдың соңына қарай қайта қалпына келе бастайды ? Астаналық экономикалық форум

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - АҚШ экономикасы биылғы жылдың үшінші тоқсанында қайта қалпына келе бастайды. Америкадан кейін бірте-бірте басқа елдердің экономикасы рецессиядан шығады. Бұл туралы бүгін ІІ Астаналық экономикалық форум барысындағы баспасөз мәслихатында
None
None
Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Болашақта әлемде дағдарыстың салдары әлі де сезілетініне тоқталған ғалым, «егер Федералдық резервтік жүйе экономикаға ақшаны салуды жалғастыра түссе, онда АҚШ экономикасы биылғы жылдың үшінші тоқсанында қалпына келе бастайды. Ал Еуропалық экономика кейінірек, яғни алдағы жылдың басында түзелмек. Кейбір экономикалар АҚШ-пен қатар жылжып, рецессиядан ағымдағы жылдың соңына қарай шыға бастайды», деді.
Соңғы жаңалықтар