АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ядролық бағдарламасы бойынша кездесу өткізеді
«Алтылық» келіссөздері Бейжіңде 2006-2009 жылдар аралығында Ресей, Қытай, АҚШ, Жапония, КХДР және Корея Республикасы жоғары шенді дипломаттарының қатысуымен өткен болатын. Алайда, олар Пхеньянның ядролық жасалымдарын тоқтату мақсатына қол жеткізе алмады, деп хабарлады РИА Новости.
Жапония СІМ хабарлауынша, Токиодағы үшжақты кездесуде одақтастар делегацияларының басшылары «Солтүстік Кореядағы соңғы жағдайларға қатысты пікір алысады» және бір-бірімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниетін қуаттайды.
Кездесуге Жапония СІМ азиялық департаментінің кеңесшісі Сигэки Такидзаки, алтыжақты келіссөздер жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі Сидни Сейлер және Корея Республикасы СІМ солтүстіккореялық ядролық бағдарлама проблемалары жөніндегі саясатты үйлестіру бөлімінің басшысы Ким Гон қатысады.
Биылғы жылдың мамыр айында Сеулде АҚШ, Жапония жән Оңтүстік Корея жоғары шенді өкілдерінің осындай кездесуі өткен болатын. Оның қорытындылары бойынша, олар ҚХДР-ға қысымды күшейте түсіп, бұл елді келіссөздер үстеліне «қайтаруға» тырысатынын мәлімдеді.
Пхеньянда бұл мәлімдеменіц сандырақ деп атады, өйткені АҚШ және оның одақтастары емес, КХДР келіссөздерге шақырып, алдын ала шарттарын ұсынды.
Бұдан бұрын РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында РФ СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Григорий Логвиновтің атап өтуінше, АҚШ-тың, Жапонияның және Оңтүстік Кореяның КХДР-ға оның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін қысымды күшейтуге тырысу әрекеттері оң нәтижелерге қол жеткізбейді.