АҚШ Жоғарғы соты Трамптың кейбір әлемдік тарифін заңсыз деп таныды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Жоғарғы соты Трамптың импорттық тауарларға салған тарифтерін заңсыз деп таныды және оның өкілеттікті асыра пайдаланғанын көрсетті, деп хабарлайды BBC.

Будем тесно сотрудничать с ООН: Трамп о Совете мира
Фото: Ақорда

Сот шешімі бойынша Трамптың тарифтері 6 дауысқа қарсы 3 дауысымен күшін жоғалтты. Тарифтерді жоюға үш либералдық судья — Кетанджи Браун Джексон, Елена Каган және Соня Сотомайор, сондай-ақ үш консервативтік судья — Эми Кони Барретт, Нил Горсач және Джон Робертс дауыс берді.

Судьялар — Бретт Кавано, Сэмюэл Алито және Кларенс Томас қарсы дауыс берді.

Шешімде Трамп 1977 жылғы «Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттілік туралы заң» (IEEPA) негізінде енгізген масштабты тарифтерін заңсыз деп таныды. Бұл заң президентке тек елдегі төтенше жағдайларға жауап ретінде сауданы реттеуге мүмкіндік береді. Жоғарғы сот «Заң президентке тарифтер енгізуге өкілеттік бермейді» деп түйіндеді.

Трамп бұл заңды алғаш рет 2025 жылғы ақпанда Қытай, Мексика және Канададан келетін тауарларға салық салу үшін қолданған, себебі сол елдерден есірткі тасымалдау «төтенше жағдай» деп танылған.

Сәуірде ол бұл заңды қайта қолданды да, әлемнің дерлік әр елінен келетін тауарларға 10%-дан 50%-ға дейінгі тарифтер енгізді. Ол АҚШ-тағы сауда тапшылығы – импорт экспортан көп болған жағдай – «өткір және ерекше қауіп» екенін алға тартты.

Дегенмен, Жоғарғы сот шешімі 1962 жылғы «Сауданы кеңейту туралы заң» бойынша ұлттық қауіпсіздік мақсатында енгізілген болат, алюминий, пиломатериалдар және автокөліктерге салынған салалық тарифтерге әсер етпейді.

— АҚШ президенті Дональд Трамп бүгінгі шешімге ресми түрде пікір білдірмеген, бірақ бұрын «жеңілсе, елдің құлдырайтынын» айтқан болатын, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Трамптың Канадаға салған тарифтері Конгресте жойылғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум