Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 525,19 теңге, сату — 527,20 теңге;
— еуро: сатып алу — 606,14 теңге, сату — 610,19 теңге;
— рубль 6,38 — 6,49 теңге аралығында саудаланады.
— юань 74,27 — 76,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 522,47 теңгеден сатып алынады, 529,47 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 605,53 теңге, сату — 615,53 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань 75,03 теңгеден сатып алынады, 78,97 теңгеден сатылады;
Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге арзандап, 522,19 теңге болды.