Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 466,00 теңгеден сатып алынады, 473,01 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 532,00 теңге, сату — 542,00 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,48 теңге, сату — 5,78 теңге;
- юань 68,93 теңгеден сатып алынады, 73,60 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу — 467,29 теңге, сату — 469,55 теңге;
- еуро: сатып алу — 534,06 теңге, сату — 539,44 теңге;
- рубль 5,63 — 5,77 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,97 — 71,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 21 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 0,73 теңге түсіп, орташа бағамы 469,59 теңге болған еді.