Ақша айырбастау орындарында доллар да, рубль де қымбаттады

доллар
Фото: Рexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 — 462 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 457,98 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,26 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457 — 462 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 459,9 — 462,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 — 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 18 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,09 теңгеге қымбаттап, 458,15 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар