09:12, 24 Қараша 2023 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459 – 464 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459-464 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 460,5-463,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,17 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,23 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,11-5,31 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 23 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге қымбаттап 461,10 теңге болған.