Ақша айырбастау пункттерінде доллар 475-480 теңгеден сатылып жатыр

 Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475 – 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

доллар
Фото: Қазақпарат

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 480 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476,5 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр.

3 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,96 теңгеге төмендеп, 477, 19 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 25 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,69 – 4, 89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,75 - 4,90 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар