Ақшаға мемлекеттік органға жұмысқа орналастырмақ болған алаяқтың қылмысы әшкере болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі өзін жоғары лауазымды тұлға ретінде таныстырып, мемлекеттік қызмет пен басқа да органдарға ақшалай сыйақыға жұмысқа орналастыруға уәде берген Бақытжан Мұсаевтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы аталған ведомствоның Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Күдікті Б.Мұсаевқа қатысты жауапты мемлекеттік лауазымды тұлға немесе билік өкілі атағын өзіне таңу, соның негізінде өзге де қылмыстар жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр. Дәл осындай сценарий бойынша алаяқтық әрекеттен зардап шеккен не болмаса басқа да маңызды ақпараттарды білетін азаматтардан ішкі істер органдарына жүгінуді өтінеміз», - деп жазды Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар