Ақсу ауданында тасқын судан зардап шеккен ауылдардың бірінде алты отбасы қоныс тойын тойлады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Тасқын судан зардап шеккен Ақтоған ауылында 6 үй пайдалануға берілді, тағы 25 үйдің қабырғасы көтеріліп, оның жетеуінің төбесі жабылды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауылда сондай-ақ жаңа медициналық қосын салынып, мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Жұмыстарға 270 құрылысшы тартылып отыр.

Ал Егінсу ауылында 21 үйдің құрылысы салынып, 54 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса 640 орындық мектеп пен 90 орындық балабақшада, ауыл клубында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа фельдшерлік-амбулаторлық қосын мен ветеринарлық емхананың құрылысы салынып жатыр.

Қалған тұрғын үйлер шілденің 1-іне дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына жеті мердігерлік ұйымның 389 жұмысшысы жұмылдырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар