15:56, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Ақсу ауылдық аумағында өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 11 адам несие алды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Өткен жылы мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Ақсу ауылдық аумағынан жұмыссыз және өз ісімен шұғылданушы 11 адам оқу оқыды,

деп хабарлады әкімдік. Олар 23 млн. теңгеге несие алып, өздерінің бизнес-жобаларын іске асырды.
Ақсу кентінде техникалық қызмет көрсету стансасы ашылса, Қалқаман ауылында кондитерлік цех іске қосылып, Ақжол ауыл округінде жүк тасымалдау қызметі жұмыс істеді.
Достық ауыл округінде өз кәсібін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкер ұлттық бұйымдарды тігу цехын ашты, сондай-ақ бұл жерде монша кешені мен Тұрмыстық үйі жұмыс істей бастады. Евгеньев ауылында ағаштан ұлттық бұйымдарды дайындайиын шеберхана ашылды, Жолқұдық округінде ТҚС мен шағын наубайхана ашылуға жақын.
Биыл Ақсу ауылдарында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 39 адам бизнес-курстардан өтіп, кәсіпкерлікпен айналысуға бел буды.