Ақсу қаласында 2,6 млрд теңгелік жайылым жер мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады, деп хабарлайды Ақсу қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

жер
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

— Прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталды. Салдарынан бұл жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққан.

Бұдан бұрын Жамбыл облысында 274,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар