10:58, 28 Қараша 2009 | GMT +5
Ақсу қаласында әлеуметтік дүкен ашылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында тұңғыш әлеуметтік дүкен ашылды.
Әлеуметтік дүкенде шаруалардың өнімдері делдалсыз, тікелей сатылады. Сондықтан мұндағы өнімдердің бағалары коммерциялық базарға қарағанда төмен: нан - 31 теңге, күріш - 165 теңге, қант - 162 теңге, жұмыртқа - 110, тауықтың сан еті - 305 теңге.
Қала әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың бастамасымен дүкенде жалғызбасты қарттарға, зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге азық-түліктерді үйлеріне жеткізіп беру көзделген. Тауарларға арналған өтінімдер телефонмен қабылданады.