Ақсу қаласында ең жас мұғалім анықталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында ауыл және қала мектептерінің жас мұғалімдерінің арасында өткен «Дебют» конкурсы аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтық кезеңде жеті педагог балалардың ең үздік тәлімгері атағы үшін таласты. Үш конкурстық тапсырманы табысты орындағаннан кейін Қалқаман орта мектебінің математика мұғалімі Шігебек Болд конкурстың бас жүлдесін иеленді. Жас мұғалім - оқушылар мен педагогикалық ұжымның арасында үлкен беделге ие маман және ол «Теңсіздіктер еліне саяхат» авторлық бағдарламасының авторы. Жас мұғалім - шығармашыл адам, ол сондай-ақ домбырада ойнайды, өлең шығарады. Шігебек мұғалім шахматпен де айналысады, ол қалалық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жеткен шебер.