Ақсу қаласында көктемгі «Қамқорлық» айлығының алғашқы қорытындылары шығарылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында Наурыз мейрамының қарсаңында басталған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығының алғашқы қорытындылары шығарылды.

Ақсу қаласында  көктемгі «Қамқорлық» айлығының алғашқы    қорытындылары   шығарылды

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары және кәсіпкерлер Ақсу мен оның іргесіндегі селолық аумақтың 800 тұрғынына 3,8 миллион теңгенің көмегін көрсетіп отыр, деп хабарлады еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

«Абылайхан» және «Лепихин» шаруа қожалықтары тұрмысы төмен отбасыларға жеті қойдан тарту етсе, «Пограничный» селолық округінің жеке кәсіпкерлері көмекке мұқтаж 26 отбасын шөппен, көмірмен, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«Ал «Зейін» серіктестігі ем-дом қабылдау үшін Павлодарға барған мүмкіндігі шектеулі балалардың жолкірелерін көтерді.