13:25, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ақсу қаласының кәсіпорындары мен қала тұрғындары «Мектепке барар жол» акциясына белсенді атсалысты
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақсу қаласындағы (Павлодар облысы) «Мектепке барар жол» акциясына қатысушылар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға оқуға қажетті барлық құралдарды алып беруге көмек берді,
деп хабарлады қала әкімдігінен.
«Қазхром» ТНК» мен Ақсу ЖЭО мектепке 57 баланы дайындады, «Қалалық су арнасы» 24 оқушыға көмектесті, Ақсу орталық ауруханасы мектептердің біріне аз қамтылған балалар үшін 10 мың теңге көлемінде қаржы бөлді, «Достық» және «Нива» дүкендері 20 мың теңге аударды. Жеке кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындары да сырт қалмай, қолдан келген көмектерін аямады.
«Ақсу» қоғамдық қоры балаларға 115 мың теңгеге кеңсе тауарлары, рюкзактар, мектеп құралдары мен сыйлықтарды табыс етіп, өздері қамқоршылық жасап жүрген төрт отбасыға материалдық көмек бөлді.
Көмекке зәру отбасыларды қолдауға арналған акция Ақсу ақаласында қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.