Ақсу металлургтері барша қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қорытпа зауытының металлургтері Қазақстан дамуының қазіргідей маңызды кезеңінде еліміздің әрбір азаматы ҚР Президенті сайлауына қатысуы тиіс деген сенімде.

Ақсу металлургтері барша қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды

Бұл туралы олар кәсіпорынның даму келешегіне арналған еңбек ұжымының жиналысында айтты, деп хабарлайды аталмыш зауыттың баспасөз қызметі.

Әлемдегі қаржы рыногындағы күрделі жағдайға қарамастан Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің алыбы - «Қазхром» АҚ-ның Ақсу қорытпа зауыты бұрынғысынша өндіріс көлемін арттырып келеді және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда. Солардың ішінде алтыншы балқыту цехы мен №4 жаңғырту цехы бар.

«Алтыншы бөлімшеде жаңа пеш құрылымдары салынады»,-деп атап өтті Ақсу қорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. - Басқа жүйелер де жаңғыртылады. Бұл пештің өнімділігін арттырады және электр энергиясын үнемдеуге қол жеткізеді. Сондай-ақ ауаға жайылатын зиянды заттарды азайтпақ».

Кәсіпорын басшысы өз әріптестеріне Павлодар облысы делегациясының құрамында «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне қатысқандығын айта келе, алқалы жиыннан алған әсерін бөлісті.

«Біз елімізде болатын маңызды оқиғаның алдында тұрмыз. Бұл - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Уақытында Ақсу қорытпа зауытының металургтері және Еуразия Тобының өзге де кәсіпорындары оны өткізуді қолдаған болатын.Енді қазір барша қазақстандықтарды дұрыс таңдау жасауға, біздің ұлы еліміздің құрылысына өз үлестерін қосуға шақырамыз», -деп мәлімдеді директор.