Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақсу ЖЭС-ін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылып жатыр - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Еуразиялық энергетикалық бірлестігінің Ақсу ЖЭС-тағы № 6 энергоблогында екі электрсүзгішті құрастыру жұмыстары басталды,

Ақсу ЖЭС-ін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылып жатыр - Павлодар облысы

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

 Танымал «Альстом Пауер Ставан» фирмасының бес едендік күлұстағыштары 99,7 пайызға дейін қатты бөлшектерді ұстап тұрады. Олар стансаның төрт энергоблоктарында жұмыс істеп жатыр, сол арқылы атмосфераның ластануы едәуір төмендетілді.

Қайта жаңғыртылып жатқан алтыншы энергоблок сондай-ақ дәл осындай үшінші буын автоматтық басқару жүйесі бар күлұстағыштармен жабдықталады. Кәсіпорын оған 265 млн. доллар жұмсайтын болады, деп атап өтті стансаның электрсүзгіштер цехының бастығы Владимир Безруков.

Бірлестік Ақсу қаласына электрсүзгіштерін жеткізетін «Альстом» фирмасымен жемісті ынтымақтастық жүргізуде. Оның электрсүзгіштерін 2001 жылдан бастап елде бірінші болып Ақсу ЖЭС орната бастады.