10:20, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Ақсу ЖЭС-та заманауи құралдармен жабдықталған жаңа вагон аударушы іске қосылды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - «Еуразиялық энергия корпорациясы» АҚ Ақсу жылу электр стансысында көмір тиелген стандартты вагонды қайта құрастырылған аудару құралы вагонды жарты минут ішінде босата алады,

деп хабарлады стансы бас инженерінің орынбасары Рустам Ахметов.
Құрамдағы босқа тұрған құрылғыларды қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру - осының барлығын бір адам басқаратын болады. Сенсорлы экран арқылы оператор үдерістің барлық деректерін көріп отырады, өзіндік диагноз қою жүйесі бар.
Миллиард теңгеден астам қаражат тұратын құрылғыны «Днепротяжмаш» украин компаниясы орнатқан.