16:36, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ақсуда қазандық салынса, жылу энергиясының тарифі төмендейді - Павлодар облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Павлодар қазандық зауыты» ЖШС-нің бас директоры Ақсу қаласында қазандық зауытын салу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

- Ақсу қаласында келесі жылы қазандық салынады. Себебі, Ақсу ферроқорытпа зауыты шаһарды жылумен қамтамасыз етуден бас тартып, тек өнім шығаруды қолға алмақ. Зауытымыз қазандық салған жағдайда біз тұрғындарға жылу энергиясын төменгі тарифтермен ұсына аламыз, - деді кәсіпорынның бас директоры Тимур Данияров. Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев облыс орталығының қазандық зауыты өнім сапасының жоғары екендігін дәлелдесе, бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді. - Қазандық зауыты Ақсу тұрғындарын жылумен қамтамасыз ете алатын жүктемені көтере алу керек. Сонда ғана зауыт басшылығының ұсынысын құптаймын, - деп атап өтті Қ. Бозымбаев.