Ақсуда «Менің тәуелсіз Қазақстаным» атты жас ақындар конкурсы өтті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақсу қаласының жас ақындары Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына арнап конкурс өткізді. 18 бозбала мен бойжеткен - колледж студенттері, лицей және мектеп оқушылары Отанға, туған қалаларына арнаған өлеңдерін оқыды.

Ақсуда  «Менің  тәуелсіз Қазақстаным»    атты  жас ақындар конкурсы өтті

Қазылар алқасы «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңін үздік деп таныды, ал оның авторы - №1 орта мектептің оқушысы Сағындық Төлеухан конкурстың бас жүлдесін жеңіп алды.

Жеңімпаздардың қатарында мектеп оқушылары Гүлімай Дарғанбекова, Екатерина Гончарук және Қайрат Оралған бар, оларға мақтау қағаздары және «Нұр Отан» партиясы филиалының сыйлықтары табыс етілді.