Ақсуда ұлы Абайдың туындылары оқылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облысының Ақсу қаласында «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай туындыларын оқудың облыстық байқауы өтті, деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасынан.
Абайдың поэзиясы мен прозасын өзге ұлттың өкілдері - ұлы қазақ әдебиетшісінің шығармаларын тамаша білетіндерін көрсеткен қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары оқыды.
Қазылар алқасы бірінші орынды ақсулық Юлия Михайленкоға берді, ол сондай-ақ қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздар арасында - Май ауданынан келген Инга Гросс және Баянауыл ауданынан Анжелика Бабакова бар.
Байқау қатысушылары тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.