Ақсуда жұбайы зайыбын өлтірді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Ақсу қаласындағы пәтірлердің бірінен зорлық белгілері бар 33 жастағы әйелдің мүрдесі анықталды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қылмысты жасау күдігімен қайтыс болған әйелдің жұбайы ұсталды. Тергеу оқиға 20 тамыз күні ерлі-зайыптылар алкогольдік ішімдік ішіп, отбасылық отырыс үстінде болғанын анықтады. Араларында туындаған ұрыс кезінде жұбайы зайыбына жарақаттар салып өлтірді.
Аталған фактімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.