Ақтау әкімі қаладағы тұрғын үй маңдайшасының құлауына байланысты жағдайды түсіндірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тұрғын үй маңдайшасы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құлаған. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, 9-шағынаудандағы 4-үй кіреберісінің маңдайшасына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде маңдайшасы құлады. Салдарынан «Татьяна» мекемесінің сервистік компаниясы «Несібе Мол» жеке кәсіпкерлігінің бір қызметкері қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан қызметкердің жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция және Төтенше жағдайлар қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қайтыс болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар