04:09, 19 Ақпан 2018 | GMT +5
Ақтау-Бейнеу жолында үш адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тас жолында жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, жол апаты 18 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 15:07-де болған.
Сол жерде үш адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.
Бастапқы болжам бойынша, жүк көлігі мен пикап соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.