Ақтау билігі қыс ішінде велосипед жолдарын салып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңына дейін «Ақбота» паркінде екі қоғамдық дәретхана мен велосипед жолдарын төсеу жоспарланған. Алдағы паркті абаттандыру жұмыстары келер жылға қалдырылды, деп хабарлайды Лада.кз Ақтау әкімдігі құрылыс бөлімінің жетекшісі Қайрат Ақыбаевқа сілтеме жасап.
None
None

 Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен 213 миллион теңге бөлінген. Ақтау әкімдігі қоғамдық дәретханалар орнату мен «Ақбота» паркіндегі велосипед жолдарын төсеу жұмыстарын 2016 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берді.

Қалалық құрылыс бөлімінің айтуынша, автокөлік тұрағына асфальт төсеу, парк аумағында веложол құрылысы бойынша дайындық жұмыстары, негізгі материалдар сатып алу, суаруға арналған су құбыры, дәретхана салу мен кәріз жүйесін жүргізу бойынша 100 миллион теңге игерілген.

«Жыл бойы қолдануға арналған қоғамдық дәретханаларды «Нұр Барыс-Н» ЖШС орнатады. Олар тегін жұмыс істейтін болады. Жаңа дәретханалар жыл соңында пайдалануға беріледі, - деді Ақыбаев. - Екі дәретхананың құрылысы аяқталуға жақын, велосипед жолдары мен үлкен автотұрақ құрылысы да аяқталып келеді».

Құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, бедертастар төсеу, субұрқақ орнату секілді негізгі жұмыстар келер жылға қалдырылған. 

Соңғы жаңалықтар