Ақтау Біріккен Араб Әмірліктерінен контрабандалық жолмен келген электроника мен көліктердің қосалқы бөлшектерін анықтады

АҚТАУ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтауда контрабандалық тауар анықталды. Маңғыстау облысы бойынша кеден бақылау департаменті контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Біріккен Араб Әмірліктерінен Оңтүстік Қазақстан облысына тасымалданған тауарды анықтап, оның жолын кесті.

Ақтау Біріккен Араб Әмірліктерінен контрабандалық жолмен келген электроника мен  көліктердің қосалқы бөлшектерін анықтады

«Тауарды белгілеу құжаттарында көліктердің доңғалақтары, құрал-саймандары, жиһаз, ыдыс-аяқ, мата және аяқ-киім сияқты тауарлар болған. Тексеру барысында декларацияланбаған ірі мөлшерде тауарлар анықталды. бұл факті бойынша қосымша тексеру амалдары жүргізілуде», - деді Маңғыстау облысы бойынша КБД ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.