Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығы аумағынан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласы 16-шағын ауданында сауда ойын-сауық орталығының аумағында орналасқан жеке тұрған қазандық ғимаратының шатырындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығы аумағынан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнында жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

— Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін қазандықтың шатыры жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы және ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ, — деді Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі Ерлан Солтанмұратов.

На территории торгового центра в Актау произошел пожар
Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен өрт 500 ш. м. алаңда сөндірілді.

Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығы аумағынан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Ақтөбеде «Рамазан» құс фабрикасының қоймасы өртенгені туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум