Ақтау қаласында баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионаты өтуде

АҚТАУ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ Ақтау қаласында баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында ҚР чемпионатының ІІІ тур ойындары өтуде. Мұндай жарыстар Ақтау қаласында алғаш ұйымдастырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.5 күнге созылатын спорт бәсекесіне еліміздің ең үздік баскетбол клубтары қатысуда. Атап айтар болсақ, астаналық «Тигры», алматылық «Алматы», қостанайлық «Тобыл», атыраулық «Барсы» және құрылғанына бір жылдың шамасындай ғана уақыт болған ақтаулық «Каспий» командалары. Ойыншылардың шеберлік деңгейі өте жоғары, олардың көбі Қазақстан құрамасының мүшелері болып табылады,-дейді ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының Ақтау қалалық филиалының директоры Самсон Аракелян.Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойындарды өткізудегі басты мақсат ? салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Алғашқы күнгі кездесулер Атырау мен Алматы командаларының арасында өтті. 75:73 есебімен атыраулықтар алға шықты. Ал Астана мен ақтаулық «Каспий» командасының арасындағы ойын өте тартысты болды. Алаң иелері астаналық қонақтарға 2 ұпай есе жіберіп, ойынды 74:72 нәтижесімен аяқтады.
Соңғы жаңалықтар