Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтау қаласында Владимир Козлов, Ақжанат Әминов және Серік Сапарғалиға қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда

АҚТАУ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында Владимир Козлов, Ақжанат Әминов және Серік Сапарғалиға қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда.

Ақтау қаласында Владимир Козлов, Ақжанат Әминов және Серік Сапарғалиға қатысты  іс бойынша сот отырысы жалғасуда

Қазіргі кезде сот отырысында куәгер ретінде «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы директоры Киікбай Ешманов түсінік беруде.

Бүгін шамамен 11 куәгердің тыңдалуы өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұ іс бойынша сот процесі кеше, 16 тамыз күні басталған.

Сот отырысында судья Б.Мырзабеков төрағалық етуде.

Владимир Козлов ҚР ҚК-нің 1-бөлімінің 235-бабы, 9-бөлімінің 164-бабы, 2-бөлімінің 170-бабы бойынша айыпталуда. Серік Сапарғалиға ҚР ҚК-нің 3-бөлімінің 164-бабы, 2-бөлімінің 170-бабы бойынша айып тағылуда. Ақжанат Әминов ҚР ҚК-нің 1-бөлімінің 235-бабы, 3-бөлімінің 164 бабы, 2-бөлімінің 170 бабымен айыпталуда.

Сот отырысының барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен сот процесінің бүкіл уақытында аудио және бейнежазбаны қолдануға рұқсат беру жөнінде өтініш келіп түсті.

Төрағалық етуші мәлімделген өтінішті процестің қатысушыларының талқылауына қойды.

Процеске қатысушылардың пікірін тыңдаған төрағалық етуші БАҚ өкілдерінің аудио және бейнежазбаны қолдануға рұқсат ету өтініші ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 1, 6 бөлімдерінің 326-бабына сәйкес басты сот процесін ойдағыдай өткізу  мен оған қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда ішінара  қанағаттандыруға қаулы етті. Нәтижесінде БАҚ өкілдеріне сот қарауы басталған кезінде 10 минут бойы аудио және бейнежазбаны қолдануға рұқсат етілді. Алдағы уақытта БАҚ өкілдеріне басты сот қарауына ондағы ақпаратты қағаз бетіне жазып қана қатысуға болады.