Ақтау қаласындағы бірқатар мекемелердің есепшілеріне «Кәсіби есепші» біліктілігі берілді
АҚТАУ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Анаргүл Жексембай/ - Ақтау қаласындағы бірқатар мекемелердің есепшілеріне «Кәсіби есепші» біліктілігі берілді.
Олар бірнеше ай бойы «Зерде» оқыту орталығы ұйымдастырған курсында біліктілігін шыңдап, білімін жетілдірген.
Арнайы курсты оқыған «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, мұнай -газ саласының, бюджеттік білім беру саласының есепшілері болды.
Бухгалтерлік есеп жүргізу, салық және азаматтық құқық бойынша дәріс оқып, емтихан тапсырған есепшілерге орталықтың басшысы Гүлнар Бекенова Астана қаласынан арнайы келіп, мамандарға сертификат табыстады.
Гүлнар Бекенованың айтуынша, сертификаттың мерзімі шектеусіз, есепшілер екі жыл сайын біліктілігін көтеріп отыруы тиіс.
«Сертификатты қолдан жасау мүмкін емес, оның қорғаныш белгілері бар»,-дейді ол.