Ақтау қоймасында болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы қоймада болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Сейсенбі, 10 қаңтар күні Ақтау қаласының Приозерный ауылында орналасқан «Рамзей» ЖШС-нің қоймасында өрт болды.

Өртті ауыздықтау кезінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнынан 1947 жылы туған күйік шалған бір ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Жалпы аумағы 100 шаршы метрді құраған өртті сөндіруге жеке құрамның 23 адамы мен ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар