Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ауруханадағы науқастардың жағдайы қалай

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді.

аурухана
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

- Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр.

Оның 4 жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда, - деп жазды денсаулық сақтау мекемесінен.

Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-уі Әзербайжан, 3-уі Қырғыз елінің азаматы. Олар емдерін толық көлемде алуда.

Бұған дейін маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар