Ақтау маңындағы ұшақ апаты: таяуда Қазақстан тергеу ақпаратын жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақтауда Әзербайжан ұшығаның апатын тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді.

Ақтаудағы ұшақ апаты
Фото: Видеодан скриншот

- Қазіргі уақытта осы тергеу амалдары жалғасып жатыр. Үш айдан кейін алғашқы алдын ала қорытындыны толық көлемде тиісті комиссия таныстырды. Атап айтқанда, қазір егжей-тегжейлі тәртіпте тексерулер тереңірек жүріп жатыр. Бұл тұрғыда айтарлықтай күрделі сараптамалар ескерілген, - деді М. Қалиақпаров тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, толық есеп БАҚ-қа жарияланады.

- Әзірге, оның қашан шығатынын айта алмаймыз... Бірақ, жыл соңына қарай тиісті мәліметті жолдаймыз, - деді вице-министр.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. https://kaz.inform.kz/news/aktauda-ushak-kuladi-a3b704/
Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Бұған дейін ұшақ апатының себебі жыл соңына дейін анықталатыны айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар