Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам еліне аман-есен жеткізілді - ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен, Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесінде 6 күн бойы емделіп жатқан Әзербайжанның қалған үш азаматы Әзербайжанға арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Все оставшиеся пассажиры упавшего близ Актау самолета доставлены на родину
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір пациент механикалық желдетуден, вазопрессордан және дәрілік седациядан ажыратылған. Басқа екі зардап шеккен адамда вазопрессордың дозасы ең төменгі дозаларға дейін төмендетілді.

Қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлердің білікті іс-қимылының арқасында келіп түскен барлық пациенттердің жағдайының динамикасы тұрақтандырылды.

Бүгінгі таңда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы медициналық қызметтердің күшімен тұрғылықты елдеріне тасымалданды.

Ақтау қаласындағы әуежай маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына, екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін естеріңізге сала кеткен жөн.

Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келді, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок. 

Кеме апатынан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды.

Зардап шеккендерді Ақтау қаласының стационарларына уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

 - Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің тез сауығып, жақындары мен туыстарына оралуын тілейді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар