Ақтау тағы бір сәулет композициясымен толықты

АҚТАУ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда тағы бір маяк орнатылды. Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойы мен теңіз портының 50 жылдығына орай басшылық 14-шағын ауданында маяк түріндегі сәулет композициясын орнатуға мұрындық болды.
None
None

«Маяктың биіктігі 3,5 метр. Ішінде декоративті жарығы бар. Осынау копозицияда қолданылған зәкір Баутино портының жағалауынан табылған шын зәкір, онда олар көп екен. Маяк - қауіпсіз жолдың нышаны, ал зәкір тұрақтылық, сенімділік пен қауіпсіздікті білдіреді. Біз бұл монумент қаланың әйгісіне айналады деп сенеміз. Оған жас жұбайлар келетін болады», - деді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ҰК» АҚ бас инженері, директордың орынбасары Владимир Константинов.

Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, порттың ардагерлері мен қызметкерлері, сонымен бірге қала тұрғындары қатысты. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар