Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру шаралары аяқталуға жақын - А.Мамин
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтау теңіз портын «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқаруына беру шаралары аяқталуға жақын.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.
«Қазіргі кезде Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру бойынша шаралар аяқталды. Қазақстан Республикасының заңдарына тиісті өзгертулер енгізілді», - деді А. Мамин.
Белгілі болғанындай Ақтау халықаралық портын акционерлік қоғам етіп қайта құрып, оның акциясын ҚТЖ-ның сенімді басқаруына беру жүзеге асырылмақ.