Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтау теңіз портында биылғы жылдың астығы тиеліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Каспийдегі Ақтау халықаралық теңіз портында екінші кемеге биылғы жылғы астық тиеліп жатыр.

Ақтау теңіз портында биылғы жылдың астығы тиеліп жатыр

Тұтынушыларға жіберілетін бидай республиканың негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші облыстар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанда өсірілген. Астық Ақтау теңіз портындағы «Ақ бидай» бидай терминалына жеткізіледі. Ол жерден экспортқа жөнелтіледі, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Бізге биылғы жылдың егіні жоғары қарқынмен келіп жатыр. Біз оларды жөнелту кестесін қатаң сақтап, тұтынушыларға дер кезінде жеткізілуін қадағалап отырмыз»,- деп хабарлады «Ақтау халықаралық сауда теңіз порты» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев.

Сондай-ақ компания басшысы бидайды отандық құрғақ жүк тасымалы «Бекет Ата» мен «Түркістан» тасымалдайтынын атап өтті.

Ақтау теңіз порты Каспий теңізіндегі ең ірі порттар қатарына енеді. Оған Каспийдегі жүк айналымның 25-29 %-ы тиесілі.