Ақтау–Бейнеу жолындағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай
АҚТАУ. KAZINFORM — Қазір Бейнеу аудандық ауруханасында түрлі жарақат алған 7 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау–Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен науқастардың жағдайымен танысты.

Қазір Бейнеу аудандық ауруханасында түрлі жарақат алған 7 науқас ем қабылдап жатыр.
— Олардың барлығының жағдайы тұрақты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, — деді дәрігерлер.

Облыс әкімі науқастардың хал-жағдайын сұрап, медициналық көмектің сапалы әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, 16-қаңтарда республикалық маңызы бар Ақтау-Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 4 адам мерт болып, адам шығыны тіркелді, бірқатар азамат түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.