Ақтауда 13 жаңа шағын ауданды электр қуатымен қамтитын қосалқы станциялар салынып жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандарды электр энергиясымен қамту үшін арнайы жоба іске асырылып жатыр. Кабельдік желі мен «ХАБ-1» және «ХАБ-2» қосалқы станциялары 13 шағын ауданды ток көзімен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда 13 жаңа шағын ауданды электр қуатымен қамтитын қосалқы станциялар салынып жатыр

«Каспий энергетикалық хабы» сыртқы инфрақұрылымын салу жобасы аясында кернеулігі 110 кв электр беретін желі және 2 қосалқы станция (110/10 кв қосалқы станция) салынып жатыр. Кабель желісінің жалпы ұзындығы – 4 760 метр болады», - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары.

Қосалқы станция ғимараттарының жалпы ауданы – 1514,5 шаршы метр. ХАБ-1 және ХАБ-2 қосалқы станциясы 13 жаңа шағын ауданды (18, 18а, 19, 20, 20а, 19а, 36-42) электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, электр желілерін жобалау барысында қуаттылығын арттыру үшін болашақта басқа қосалқы станцияларды да қосу қарастырылған.