Ақтауда 130-дан астам ойын автоматтары жойылды
2007 жылғы 1 сәуірде күшіне енген заң бойынша ойынхана орындары тұрғын емес қордың ғимараттарында және Алматы және Ақмола облыстарының мамандандырылған ойын аймақтарында орналасуы тиіс. Алайда заңсыз ойын бизнесі тоқталар емес - өткен жылы қаржы полициясының қызметкерлері осы салада 6 қылмыстық іс қозғады. Биылғы жылдың басынан бері осындай 2 қылмыстық іс ашылып отыр.
«Барлық қылмыстық істер айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді. Қылмыстық іс қозғалғандар айыпты деп табылды, оларға жаза ретінде 500-ден 1000 АЕК айыппұл тағайындалды. Тәркіленген заттай айғақтар жойылуда. 127 ойын автоматтары мен 4 рулетка арнайы комисияның қатысуымен жойылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы экономикалық қылмыспен және сыбайас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің қызметкері Нұргүл Мұқатай.