Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің адвокаты сараптама нәтижелеріне күмәнданып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 6 жасар қызды зорлау ісі бойынша күдіктінің мемлекеттік қорғаушысы Намиг Велиев ер адам баланы тасымалдады делінген көлікке қатысты жасалған сараптама нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін деп санайды.

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің адвокаты сараптама нәтижелеріне күмәнданып отыр

Адвокат Tumba.kz порталына хабарлағандай, көлікті көруге оны үдеріс аяқталған соң шақырған. Күдікті сол кезде болған. Барлығы видеокамераға түсірілді. Күдіктінің сөзіне қарағанда, тергеушілер көліктен ештеңе таппаған. Отыратын орындарын ғана алып, сараптамаға жіберді.  Ол нәтиже бермеді. Азық-түлік қалдықтары ғана байқалды. Кейін белгілі болғандай, бір күннен кейін ол өзінің бес жасар ұлын тасымалдаған.

 «Кейін қыздың шашы пайда болыпты-мыс. Олардың күдіктінің көзінше шашты тапқан жері түсірілген жазбаны көрсетулерін талап еттім.  Менің қорғауымдағы күдікті өзі болғанда көліктен шаш табылмағанын айтып отыр. Табылса, ол күдіктінің көзінше болған емес.  Олар жазбаны көрсетпеді, алайда мұны жасауға міндетті. Сондықтан шаштың табылғаны күдік тудырып отыр.  Заң бойынша күдіктің бәрі күдіктінің пайдасына шешіледі. Менің кәсіби міндетім - болған оқиғаның мән-жайын анықтау. Адам кінәсіз болуы да мүмкін ғой», - деді Намиг Велиев.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, қазір күдіктімен тергеушілер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Күдікті тұтығып сөйлегендіктен, бұл үдерісті қиындатып жіберді.

«Кекештігіне байланысты ол 2011 жылдан бері есепте тұрған. Бес жасар кезінде оны шизофрениямен ауыратын ағасы ұрған. Ағасының осындай қорлығы салдарынан бала тұтығып сөйлейтін болған.  Ол «Иә», «жоқ» деп айта алады. Сондықтан сұрақ қою бағдарламасын өзгертті. Ол «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар дайындалды», - деді адвокат.