Ақтауда 8 үздік әскери қызметшіге ноутбуктер мен планшеттер берілді

«8 әскери қызметші әртүрлі атақтарға ие болды. Олардың төртеуіне «Forensis» теледидары, екеуіне - «Asus» ноутбуктары, екеуіне - «Asus» планшеттері берілді. Марапатталғандардың арасында 1 әйел бар», - деп түсіндірме берді ҚР ҚР Әскери-Теңіз күштері Бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов.
2 рангылы капитан Асылхан Ақылбаев, аға лейтанант Қайрат Шаршанқұлов, 3 сыныпты старшина Жақсығат Жайлаубаев, бас старшина Болат Райымханов, 3 сыныпты старшина Бекжан Жұмағұлов, мичман Серік Нәзікбаев, кіші сержант Иса Бақытжанов және Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетін «Порттар және порт құрылыстарын салу» мамандығы бойынша бітірген аға старшина Елена Другакова марапатталды. і
«Мен үшін бұл сыйлық күтпеген жағдай болды. Әскери-теңіз күштерінде 12 жыл қызмет етемін, әр кезде де гидрографиялық қызметтемін. Топограф ретінде жиі 2-3 күн далаға, теңізге шығамын, сондықтан да бұрын бала тәрбиелеу оңай болған жоқ. Қазір өзімнің екі балам бар, апамның баласын да бауырыма бастым. Енді қазір бұрынғыдан жеңіл, балалар есейді», - дейді ол.
Айтпақшы, Елена өз тәжірибесін жастарға үйретуде. Оның қарауында екі әйел бар, оларға білгенін аямай үйретіп жатыр.