00:03, 17 Шілде 2022 | GMT +5
Ақтауда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан турнирді қазақстандықтар жеңіспен бастады
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда Eagle FC 48 & Naiza FC 41 жарысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кездесуді қазақстандық файтер Мейірбек Төлегенов (3-1) пен әзербайжандық Джейхун Годжали (0-1) бастады. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Төлегенов қарсыласын бірінші раундта ауырту әдісімен жеңді. Годжали төрешінің жекпе-жекті тоқтатуына қарсы болды. Дегенмен Мейірбек Төлегенов өзінің кәсіби мансабында 4-ші рет жеңіске жетті. Ал Джейхун Годжали төртінші рет жеңілді.
Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турнирініңң хедлайнерлері қазақстандық Даурен Ермеков (16-5) пен ресейлік Гамзат Хирамагомедов (10-1) болады. Олар EFC-дің орта салмақтағы уақытша чемпионы атағына таласады.