Ақтауда балконына ілуге өтініш білдірген 60 тұрғынға мемлекеттік ту таратылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, әрі шаһардың мерейтойы аясында тұрғындарға 60 мемлекеттік ту таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Ақтау қаласы әкімінің аппараты

«Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, оның маңыздылығын насихаттау мақсатында 60 ту таратылды. Мемлекеттік туды өз балкондарына ілуге өтініш білдірген тұрғындарға тегін тараттық. Дегенмен, әрбір ниет білдіруші бұл іс-шараға қатыса алады. Үйінде мемлекеттік туы бар әр тұрғынды нуқанға қосылып, өз балконына ілуге шақырамын»,- деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.

Айта кетейік, мемлекеттік туды алуға 200-ден астам тұрғын өтініш білдірген. Өтінімдер арасынан балкондары қала көшелері бетінде орналасқан, орталықтағы пәтер иелері таңдалып, 60 мемлекетттік ту таратылды. «Ақтау қаласының 60 жылдығына – 60 ту» ілу науқаны 3-5 маусым аралығында өтті.


Соңғы жаңалықтар